Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте 22 мың жаяу жүргіншіге айыппұл салынды

Шымкентте 22 мың жаяу жүргіншіге айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Абай ауданы Самал-3 мөлтек ауданында Lada автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Оқиға орнында орта жастағы ер адам көз жұмды.

Қазіргі таңда көлік тізгіндеушіге қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Жыл басынан бері ӘҚБтК-нің 615-бабы (Жаяу жүргіншілердің және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы) бойынша 21 939 құқық бұзушылық анықталып, әрқайсысына 6126 теңге айыппұл салынды. Жалпы 96,2 млн теңге әкімшілік айыппұл салынып, оның 60,1 млн теңгесі өндірілді.

Сонымен қатар жол бойында жаяу жүргіншінің қатысуымен 94 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оның салдарынан 10 адам қаза тауып, 90 тұлға әртүрлі дене жарақатын алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру