Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында тұрғындардан ІІО-да тіркелмеген 8 мылтық тәркіленді

Қызылорда облысында тұрғындарынан ІІО-да тіркелмеген 8 мылтық тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz

Қазақстан Республикасы ІІМ нұсқауына сәйкес, 1 қазан мен 1 қараша аралығында облыс көлемінде «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара аясында 5712 пәтер мен 42395 жеке үй араланып, учаскелік полиция инспекторларының визиткалары таратылды.

Аралау барысында 29 пәтер заңсыз жалға ұсынылып жатқандығы анықталып, шешім қабылдау үшін құжаттар жергілікті Мемлекеттік кірістер басқармаларына жолданды. Ішкі істер органдарының профилактикалық және тізімдік есебінде тұрған 2373 азамат тұрғылықты мекенжайларынан тексеріліп, профилактикалық әңгімелер жүргізілді.

Сонымен қатар барлығы 6414 әкімшілік құқық бұзушылық деректері анықталды, оның 416 дерегі көші-қон заңнамаларын бұзу.

Ішкі істер органдарының есебінде тұрған қару иелерінің 4273-і тексеріліп, қаруды сақтау, тасымалдау ережелерін бұзған облыстың 24 тұрғынына қатысты шара көрілсе, ішкі істер органдарына тіркелмеген 8 мылтық тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру