Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда кәсіпкерлерге мемлекеттен грант алып беруге уәде еткен алаяқтар ұсталды

Алматыда кәсіпкерлерге мемлекеттен грант алып беруге уәде еткен алаяқтар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Анықталғандай, күдіктілердің бірі 33 жастағы К. есімді азамат 5 миллион теңге көлемінде бейіндік бағдарлама бойынша мемлекеттен грант алуды ұсынған. Ал тағы бір қылмыстық іске қатысы бар 29 жастағы А. есімді азаматша шаһар тұрғындарына мемлекеттен грант алып беріп қана қоймай, жылжымайтын мүліктерді игеріп, жұмысқа орналастырып, жүргізуші куәлігін алып бере алатынын айтқан. Өзінің «жұмысы» үшін ол 5 миллион теңге сұраған.

– Тергеу барысында ақшаны алғаннан кейін қаскүнемдердің ұялы телефондарын өшіріп, байланысқа шығуын тоқтатқаны анықталды. Қазіргі уақытта К. есімді азаматтың алаяқтық бойынша 10 эпизодқа қатыстылығы, ал әйелге қатысты 25 алаяқтық дерегі дәлелденді. Күдіктілерге қатысты ауданаралық тергеу соты қамау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады, – деп хабарлады Әуезов аудандық Полиция басқармасы.

Бірақ алданған адамдар әлдеқайда көп болуы мүмкін екендігіне полиция қызметкерлері сенімді. Сондықтан тәртіп сақшылары ұсталғандардың әрекетінен зардап шеккен азаматтарды мына телефон нөмірлеріне хабарласуға шақырады: 8-707-515-47-35 және 8-778-276-04-14.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру