Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытаулық полицейлер аң аулау ережесін бұзғандарды анықтады

Ұлытаулық тәртіп сақшылар аң аулау ережесін бұзғандарды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұлытау облысы аумағында “Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

30 қазанда Ұлытау облысының Полиция департаменті Ұлытау ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері аң аулау ережесін бұзудың екі фактісін анықтады. Облыс көлемінде жүргізілген рейдтік іс-шара барасында табиғатты қорғау сақшылары аудан аумағына қарасты жазық жерде аң аулаудың ережесін бұзған екі адамды ұстады.

Профилактикалық іс-шара аясында жүргізілген тексеріс жұмыстары кезінде полиция қызметкерлері далада Нива автокөлігін тоқтатты. Көлікте ауылдардың бірінің 24 жастағы екі тұрғыны болған. Көліктің жүк салғышын тексеру кезінде олардан қақпан, тұзақ табылды.

Екі азаматқа аң аулау ережесін бұзғандары үшін ҚР ӘҚБтК-тің 382-бабы 1-бөлігі (Жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру