Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жезқазған полицейлері бір аптада 6 мас жүргізушіні анықтады

Жезқазған полицейлері бір аптада 6 мас жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұлытау облысы Жезқазған қаласының Полиция басқармасының патрульдік полиция ротасының қызметкерлері бір аптада мас күйінде көлік басқарған 6 қала тұрғынын анықтады.

Жезқазғандық сақшылар қала жолдарында жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды тұрақты негізде өткізіп жатыр. Бір аптаның ішінде полиция қызметкерлері рөлге мас күйінде отырған 6 жүргізушіні ұстады.

Сонымен қатар екі көлік жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабымен (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы) көлік басқару құқығынан айырылды. Қазан айында Жезқазған қаласының Полиция басқармасына көлікті алкогольді ішімдік ішіп басқарған 12 жүргізші ұсталды.

ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) әкімшілік хаттама толтырылды. Жиналған материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру