Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытау облысында “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Ұлытау облысы аумағында “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Биылғы жылдың 1-ші қазан мен 30–шы қараша аралығында өткізілетін профилактикалық іс-шараның ауқымы кең. Жедел-профилактикалық іс-шарадан күтілетін нәтижеде жоғары болмақ. Басты мақсат – қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, әкімшілік құқықбұзушылықты анықтау, қылмыстың жолын кесу және халықпен тығыз қарым-қатынас орнату.

Облыс орталығы Жезқазған қаласының Полиция басқармасына қарасты жергілікті полиция қызметі жалға берілетін пәтерлер, азаматтық қару иелері, базарлар мен өзге де сауда жасау орындары, саяжайлар және құрылысы тоқтаған қараусыз қалған нысандарды тексеру жұмыстарын жүйелі жүргізді.

Учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітілген әкімшілік учаскелерде қала тұрғындарымен сенімді қарым-қатынас орнатуға күш салуда. Жезқазған қаласының аумағында 38 әкімшілік учаске белгіленген, оның 645-і (31 664 пәтер орналасқан) көп қабатты үйлер, ал 4 099 жеке үйлер орналасқан. Профилактикалық іс-шара аясында жалдамалы пәтерлер тексеріліп, мемлекеттік кіріс басқармасында тіркелмеген 4 пәтер анықталды.

Сонымен қатар, қаладағы 3 саябақта орналасқан жеке үйлер тексеріліп, қала аумағындағы екі жүзден астам мал шарауашылығы мен қыстақтарда назардан тыс қалмады. Қаладағы барлық қару иелері тексеріліп, ереже бұзған екі адам ҚР ӘҚБтК-тің 484-бабымен жауапкершілікке тартылды

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру