Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сәтбаев полицейлері құқық бұзған жүргізушіге үш хаттама толтырды

Сәтбаев полицейлері құқық бұзған жүргізушіге үш хаттама толтырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 қазан күні Ұлытау облыстық Полиция департаменті патрульдік полиция ротасының инспекторлары Нұрсұлтан Рыстыбай мен Дулат Сарсепбаев “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу шарасының аясында Сәтбаев қаласында қызмет атқарды.

Сағат 01.00 шамасында олар Ерден көшесінде орналасқан бағдаршамның қызыл түсіне өткен Deo Nexia автокөлігін байқаған. Көлік жүргізушісі полиция қызметкерлерінің тоқтату бойынша заңды талаптарына бағынбаған.

Тәртіп сақшыларының жылдам жүргізілген жедел әрекеттері барысында автокөлік 47 жастағы азаматтың басқаруында ұсталды. Азамат өзін дөрекі ұстаған. Медициналық тексерулер барысында оның ішімдік ішкені анықталды.

Азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 599, 608, 613-баптары бойынша хаттамалар толтырылды. Жинақталған материалдар соттың қарауына жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру