Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында ер адам танысының атына несие рәсімдеп алған

Түркістан облысында ер адам танысын алдап, оның банк қосымшасынан несие рәсімдеп алған, – деп хабарлайды Polisia.kz

Түлкібас ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын шағымданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, танысы оның атына бір миллион теңге несие рәсімдеп жіберген. Жәбірленуші тез арада тәртіп сақшыларынан осы жағдайдың толық мән-жайын анықтауға көмек берулерін сұрайды.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді.

Арызданушының шағымына сәйкес, орын алған алаяқтық қылмысын ашып, күдіктіні анықтау мақсатында түлкібастық полицейлер қажетті іс-шараларды жүргізді. Нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар жергілікті тұрғын ер адам анықталды.

Анықталғандай, күдікті азамат танысына хабарласып, сауда жасау үшін банк қосымшасын бере тұруын өтінеді. Алаяқтың сөзіне сенген жәбірленуші өзінің банк қосымшасының құпия сандарын айтып береді. Біраз уақыт өткен соң банктен несие алдыңыз деген хабарлама келеді. Қазіргі таңда күдікті ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру