Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер Анталияда өткен әмбебап жекпе-жектен алтын иеленді

Түркияның Анталия қаласында 17-23 қазан күндері әмбебап жекпе-жектен әлем кубогы өтуде. Бұл сайысқа әлем бойынша 18 мемлекеттен келген спортшылар қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz

Жарыс тартысқа толы болды. Өйткені ойынға кіл мықтылар іріктеліп алынып, жоғары деңгейде өнерлерін ортаға салды. Спорттық додада Қазақстаннан барған жерлесіміз 80 келі салмақ дәрежесінде Қызылорда облысы ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының аға инспекторы  Нұршат Аманқосов сынға түсті. Жарыс барысында 4 кездесу өткізіліп, барлығын айқын жеңіспен аяқтап, алтыннан алқа тақты.

Қарсыластары Әзірбайжан,Түркия, Румыния, Украинадан келген спортшылар болды. Одан бөлек 85 келі салмақта өнер көрсеткен Қызылорда облысы ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы Нұрбол Сқақов әріптесінің жетістігін қайталап, әлем кубогын жеңіп алды.

Оның қарсыластары болған Өзбекстанның, Түркия, Сербия, Украинаның спортшылары болды. Жеңімпаздар кубоктар, алтын медальдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру