Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытаулық полицейлер шаруа қожалықтарын тексерді

Ұлытау ауданының полицейлері шаруа қожалықтарын тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұлытау облысы аумағында республикалық “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Басты мақсат – қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, халықпен тығыз қарым-қатынас орнату.

Іс-шара кезінде жалға берілетін пәтерлер, азаматтық қару иелері, базарлар мен өзге сауда жасау орындары, саяжайлар мен шаруа қожалықтары, құрылысы тоқтатылған немесе қараусыз қалған нысандарды тексеру басты назарда. Тексеру барысында тұрғылықты мекенжайлары жоқ адамдар, адамдарды заңсыз жұмысқа пайдалану, шетелдік азаматтардың көшіп-қону заңнамасын бұзу фактілері мұқият қаралып жатыр.

Аталған іс-шара аясында тәртіп сақшыларының назарынан аулалар, пәтерлер, базарлар мен сауда орындары, саяжай, құрылыс объектілері, жертөлелер де тыс қалмайды.

– Профилактикалық іс-шара Ұлытау ауданында жалғасын табуда. Ауданда 800-ден астам жеке шаруа қожалық тіркелген. “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шара барысында жеке шаруа қожалықтар тексерілді. Нәтижесінде 38 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, хаттама толтырылды, – деді департамент бойынша жауапты Бауыржан Қалыбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру