Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында жол апатынан бір адам қаза тапты

Жетісу облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, екі адам жарақат алды, – деп хабарлайды Polisia.kz

ЖКО қазанның 30-нан 31-іне қараған түні Калпе ауылының маңында Mazda Cronos автокөлігінің қатысуымен болды.

Жапондық көлікті 31 жастағы ер адам басқарған ол Тельман – Калпе автожолының 8-шақырымында көліктің аударылып кетуіне жол берген. Өкінішке қарай, көлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Жол апатынан оның екі жолаушысы зардап шекті, олар түрлі жарақаттармен Үштөбе қаласындағы ауруханаға жатқызылды. Дерек бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды.

Тергеу ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі (Көлiк құралын басқаратын адамдардың абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан жол қозғалысы немесе көлiк құралын пайдалану ережелерiн бұзуы) бойынша жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру