Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Интернет-алаяқтар Павлодар облысының тұрғынын 5 млн теңгеге алдап кетті

Интернет-алаяқтар Павлодар облысының тұрғынын 5 млн теңгеге алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы Шарбақты ауданының полиция бөліміне 58 жастағы ауыл тұрғыны алаяқтық фактісі туралы өтініш білдірді. Өтініш берушінің айтуынша, қазан айының бір кешінде оның телефонына банк қызметкері ретінде өзін таныстырған ер адам қоңырау шалып, алаяқтар оның атына 5 млн теңге несие алғысы келетінін айтты.

Ауыл тұрғыны мұны жоққа шығара бастаған кезде ер адам оны «банк директорымен» байланыстырды. Қызметкер сыпайы түрде мәселені шешу үшін тек жеке куәлік дайындап, олардың барлық талаптарын орындау керек деп сендірді.

Әйел оларға сеніп, өзі туралы барлық ақпаратты берді. Банктің мобильді қосымшасын жүктеп алып, біраз уақыттан кейін оның шотына 4,7 млн теңге түскенін көрді.

Осы айла-амалды жүзеге асырып, банктің жалған қызметкерлері зардап шеккендерге бұл техникалық жұмыс екенін түсіндіріп, ақша қаражатын бөліп ала бастады. Келесі күні ғана ол интернет-алаяқтықтың құрбаны болғанын және енді несие төлеуге тура келетінін түсінді.

– Қазіргі уақытта осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Осы қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар жүргізілуде, – деді Павлодар облысы Шарбақты ауданының полиция бөлімінің бастығы Нұрғали Омарбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру