Алматы полициясы екі дөңгелекті көліктердің ұрлығына қатысты әлеуметтік ролик жариялады
Алматы полициясы екі дөңгелекті көліктердің ұрлығына қатысты әлеуметтік ролик жариялады, – деп хабарлайды Polisia.kz
Қазіргі уақытта жаңа технологиялардың қарқынды дамуын ескере отырып, Алматы қалалық Полиция департаменті медиа жобалар, соның ішінде әлеуметтік роликтерді кеңінен тарату арқылы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуға баса назар аударуда.
Қазіргі өзекті тақырыптардың бірі – мопедтер, самокаттар, велосипедтерді ұрлаудың алдын алу. Ауа райының өзгергеніне қарамастан, қала тұрғындары екі дөңгелекті көлікті пайдалануды жалғастыруда, соның салдарынан олардың ұрлығы да көбейіп кеткен.
Алматы полициясының роликтерді шығарудың мақсаты – бұл мәселеге азаматтардың назарын аударып, қоғамды барынша және қолжетімді қамту, сондай-ақ мұндай қылмыстардың алдын алу және ескерту.