Ақтөбеде алаяққа сенген әйел 7 млн теңгесінен айырылды
Ақтөбеде алаяққа сенген әйел 7 млн теңгесінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz
24 қазанда белгісіз адам 26 жастағы әйелге телефон соғып, өзін банк менеджері ретінде таныстырды. Қоңырау шалушы оның атына алаяқтық әрекеттер жасалатынын хабарлаған және оның телефонына келетін SMS-хабарламаны айтуды сұраған. SMS-кодты хабарлағаннан кейін жәбірленуші өз шотынан 7 млн теңге шешілгенін білген.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сонымен қатар күдіктіні анықтауға және ұстауға бағытталған іс-шаралар жүргізілуде.
Полиция департаменті алаяқтық жағдайларды болдырмау үшін ешкімге, тіпті банк қызметкеріне де жеке шоттар мен карталарға қатысты SMS-кодты және басқа да жеке ақпаратты айтуға болмайтынын еске салады.