«Пәтер алуға көмектесемін»: Қызылорда тұрғынын алдаған әйел ұсталды
Пәтер алуға көмектесемін деп Қызылорда тұрғынын алдаған әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
5 қараша күні Қызылорда қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне қала тұрғыны келіп арызданған. 2022 жылдың сәуір айында белгісіз азаматша қала аудандарының бірінде пәтер алуға көмектесемін деп сенімге кіріп, 500 мың теңге қаражатын алып, осы күнге дейін алдап келген.
Басқарманың криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ретінде бұрын сотты болған 49 жастағы қала тұрғыны анықталып, ұсталды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.