Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада ер адам танысының көлігін айдап кеткен

Елордада ер адам танысының көлігін айдап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz

Қала тұрғыны полицияға жүгініп, оның BMW-525 автокөлігін айдап әкеткені туралы арызданған. Тергеу барысында 32 жастағы жәбірленуші әйел детейлинг орталығында жұмыс істеген 29 жастағы ер адаммен танысқаны анықталды. Әйел жыл бойы онымен тығыз байланыста болып, бірнеше рет оған автомобильге арналған косметикалық қызметтер кешенін, соның ішінде көлік жуу, салонды құрғақ тазалау және жылтырату қызметін пайдалану үшін жүгінген.

Ер адам кезекті машинаны тазалау кезінде салоннан автокөліктің қосалқы кілтін байқап, мүмкіндікті пайдаланып, оны алып алған. Түнгі уақытта сағат 03.00-де қаскүнем Абай даңғылы бойындағы үйдің ауласынан автокөлікті айдап әкетіп, 4 млн теңге көлемінде шығын келтірген.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде Астана қаласы ПД криминалдық полиция қызметкерлері айдап әкетушіні ұстады. Ол мойындау көрсетпелерін берді, заттай дәлелдемелер тәркіленді. Ер адамның көлікті сатпақшы болғаны белгілі болды.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 200-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру