Ақмола тұрғыны пәтерді иесіне айтпай жалға берген
Ақмола тұрғыны пәтерді иесіне айтпай жалға берген, – деп хабарлайды Polisia.kz
13 қарашада Көкшетау қаласының Полиция басқармасына облыс орталығы тұрғынынан 2022 жылдың наурызында белгісіз адам оған тиесілі 200 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражатты алаяқтық жолмен иеленгені туралы өтініші келіп түсті.
Алдын ала тергеу барысында қаскөй өзін пәтер иесінің ағасы етіп таныстырып, өтініш берушіге пәтерді жалға бергені анықталды. Жәбірленушіден тұрғын үйді жалға беру үшін алдын ала төлемді алған қаскөй бір аптадан кейін келесі ай үшін төлем жасауды талап еткен. Бірнеше күннен кейін пәтерді тексеруге үйдің нағыз иелері келген, алайда онда басқа жалға алушылардың тұратынын білмеген.
Сондай-ақ пәтер иелерінің қаскөймен ешқандай туыстық байланысы жоқ екендігі, сонымен қатар қаскөй бұрын пәтер иесінің пәтерін жалға алушы болғаны анықталды.
Аталған фактіге сәйкес Көкшетау қаласының Полиция басқармасы ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.