Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде терроризм актісі туралы жалған хабарлама берген оқушы ұсталды

Осы жылғы 8 қарашада Өскемен қаласы білім беру бөлімінің электрондық мекенжайына қаланың 6 мектебін жару қауіпі жөнінде хат келіп түсті. Тексеріс барысында ақпарат расталмады, жарылғыш заттар анықталмады, – деп хабарлайды Polisia.kz

Терроризм актісі туралы көрнеу жалған хабарлама үшін облыстық Полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.

15 қарашада жедел-іздестіру іс-шаралары барысында департаменттің Эктремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ұлттық қауіпсіздік органдарымен бірлесе отырып, жалған хабарлама үшін қаланың бір мектебінің 9-сынып оқушысы анықталып, ұсталды. Оқушы мектептегі тестілеуге дайын болмағандықтан, осындай әрекетке барған

Ішкі істер министрлігі терроризм актісі туралы көрнеу жалған хабарлама үшін бес мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл (бүгінгі күні 15,9 млн теңге) не болмаса осы мөлшерде түзету жұмысына, сондай-ақ бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеу немесе айыру жазасына тарту көзделгенін ескертеді.

Жыл басынан бері осындай фактілер бойынша 140 қылмыстық іс қозғалды.

Қылмыс жасағандары үшін 36 адам ұсталды, олардың 17-сі әртүрлі жазаларға сотталды. Қылмыстық жауаптылық 14 жастан басталады, сондықтан оны мектеп оқушыларына да ескерту қажет.

Сонымен қатар соттың шешіміне сәйкес, осындай хабарламаның салдарынан келтірілген залалдың барлық шығыны өтеледі. Осы жалған шақыртуларға арнайы қызметтердің шығуына 300 мың теңгеге жуық шығын шығады, ал мекемелер мен ұйымдардың жұмысын тоқтату шығыны миллиондап басталуы мүмкін.

Осындай іс-әрекетті кәмелетке толмағандар жасаған жағдайда, шығындарды өтеу олардың ата-аналарына немесе олардың заңды өкілдеріне жүктеледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру