Қызылорда облысында заңсыз аң аулаған тұрғын анықталды
Қызылорда облысында заңсыз аң аулаған тұрғын анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
20 қазан мен 20 қараша аралығында облыс көлемінде экологиялық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау, ескерту және кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту мақсатында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Осы жылдың 16 қарашасында Қызылорда облысы ПД Жаңақорған ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерімен далалық жерде Нива автокөлігі тоқтатылған. Тексеру барысында автокөліктің жүк салғышынан жарық шам (прожектор), бір ұңғылы, 12 калибрлі аңшы мылтығы, алты қоян жануарының өлі денесі тәркіленді. Күдікті ретінде 42 жастағы аудан тұрғыны ұсталды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабының 1-бөлігімен (Заңсыз аңшылық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Күдіктіге келу туралы міндеттеме берілді.
Айта кетерлік жәйт, жүргізілген рейдтік шаралардың барысында полицейлермен 28 күнде 243 табиғат қорғау заңнамаларын бұзу дерегі анықталды.