Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай полицейлері алғысқа бөленді

Қостанай полицейлері алғысқа бөленді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл күндері аймақта ауа райының қолайсыздығы – аяз байқалады. Республикалық маңызы бар тас жолдарда және облыстық жолдарда патрульдік полиция қызметкерлері күшейтілген тәртіпте қызмет атқарып жатыр.
Қиын жол жағдайына тап болған жүргізушілерге көмек көрсетуге көп көңіл бөлінеді.

Мысалы, 26 қарашада Қарасу ауданы полиция бөлімінің Октябрь аудандық полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне Қостанай — Әулиекөл — Сурган автожолының 229-шақырымында Mersedeс Benz Vario бес тонналық көліктің жүргізушісіне көмек қажет екендігі туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Көлік сөніп қалып, қайта қызбай қойған.

Учаскелік полиция инспекторы Бақыт Пощаев жолға шығып, жүргізуші Ермек Баймароновқа көмек көрсетті.

– Менің қоңырауымнан кейін 5-10 минут өте сала, көмекке учаскелік полиция инспекторы Бақыт Пощаев жетті. Ол көлігімді Октябрьское ауылындағы «Олимп» қонақ үйіне дейін сүйреп апаруға көмектесті. Далада қатты аяз еді. Салондағы ауа температурасы да төмендеп кетті. Бұл ақаудың себебін анықтауды қиындатты. Қонақ үй жанында ТҚС жұмыс істейді. Мен жылынып алып, автокөліктің техникалық ақаулығын жойып, межелі жерге Астана қаласына қарай бет алдым. Қарасу ауданының полиция қызметкерлеріне жеделдігі және көмек көрсеткені үшін шын жүректен алғыс айтамын, – деді Ермек Баймаронов.

Басқа жүргізушіге Қамысты ауданында көмек қажет болды. Қысқы жолсыз жағдайда жүк көлігінің жүргізушісі басқаруға ие бола алмай, кюветке түсіп кетті. «102» нөміріне бойынша шалынған қоңырауға Қамысты полиция бөлімінің учаскелік қызметкері Бауыржан Нұрманов дереу әрекет етіп, жүргізушіге көмектесті.

Демалыс күндері патрульдік полиция қызметкерлері 20-дан астам жүргізушіге көмек көрсетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру