Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көтерме бағада телефон аламын деген шымкенттік 4 млн теңгесінен айырылды

Көтерме бағада телефон аламын деген шымкенттік төрт млн теңгесінен айырылды, — деп хабарлайды Polisia.kz. 

Оқиға 15 қарашада кешкі сағат 18:54-те орын алған. Төрт ай бұрын танысқан танысы құны қымбат Iphone 13 ұялы телефондарын көтерме бағамен әкеліп беремін деп алдап соққан.

Әл-Фараби АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті жердің 36 жастағы тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, сырттай танитын танысы Алматы қаласынан арзан бағаға заңды түрде жаңа Iphone 13 ұялы телефонының 50 данасын алып беремін деп төрт млн теңгесін заңсыз иемденіп кеткендігін жазып көрсеткен.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 1-тармағымен (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Тәртіп сақшылары жүргізілген жедел-іздестіру іс-шарасы барысында күдіктінің «ізін-суытпай» бір тәулік ішінде қала аумағынан қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының жұмыссыз 21 жастағы тұрғыны болып шықты.

Қазіргі кезде ұсталған азамат өз кінәсін толықтай мойындады. Айғақты зат тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Полицейлер күдіктінің басқа да осы тектес жайттарға қатысы барын анықтауда. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру