Алматы тұрғынынан 500-ге жуық киік мүйізі тәркіленді
Алматы тұрғынынан 500-ге жуық киік мүйізі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері шаһардың Алатау ауданындағы Заря Восток шағын ауданында арнайы іс-шараны жүргізді.
ҰҚКБ қызметкерлері жергілікті тұрғынның Қызыл кітапқа енген ақбөкен мүйіздерін сақтап, сататыны туралы жедел ақпаратты тексерді. Дабыл расталды.
Күдікті – 42 жастағы Х.есімді азамат. Оның үйін тінту барысында қосалқы бөлмеден 462 дана ақбөкен мүйізі, сондай-ақ белгісіз тұқымды тастар табылды және тәркіленді.
Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 399-бабы бойынша тіркелді.
Тауарды Алматыға жеткізудің мән-жайы мен оны жүзеге асыру шарттары тергеу барысында анықталатын болады.