Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полиция постының шатырынан отшашу атқан адам қамауға алынды

Алматыда полиция постының шатырынан отшашу атқан адам 10 тәулікке қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еске салайық, 24 қарашада жас жігіт өзіне және өзінің жеке парақшасына назар аудартуды ұйғарып, Алматыдағы стационарлық полиция постының артқы жағынан төбесіне шығып, сол жерден отшашуды атып, кейін жасырынып қалған болатын.

Біраз уақыттан кейін оның жеке басын полиция қызметкерлері анықтады және оны ұстады.

Вайнер өзі жасаған хайпты сот органы 10 күндік әкімшілік қамауға алумен бағалайды деп күтпеген шығар. Оның жеке басы біраз уақыт оқшауланған, сондықтан бұзақының парақшасы әлі жаңартылған жоқ.

Полицейлер мұндай заңсыз әрекеттердің қатаң түрде жолы кесілетінін ескертеді.

Жетісу аудандық Полиция басқармасы БАҚ пен әлеуметтік желілердегі шуға әуес 21 жастағы жігіттің әрекетін ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі (Ұсақ бұзақылық) және ҚР ӘҚБтК-нің 436-бабы 2-бөлігі (Елді мекендерде пиротехникалық бұйымдарды пайдалану) бойынша сараптады.

Ол Алматы қаласы бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен аталған құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру