Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы аккумулятор ұрысын ұстады

Алматы полициясы аккумулятор ұрысын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысының бұрын сотталған тұрғыны бірқатар аккумулятор ұрлағаны үшін ұсталды.

– Біздің бөлімшенің криминалдық полиция қызметкерлері Ж.есімді азаматты ұстады. ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігі бойынша арнайы есепке алу тізіліміне тіркелген тергеудің осы кезеңінде күдіктінің бөтеннің мүлкін ұрлаудың төрт дерегіне қатыстылығы анықталды. Күдікті бөтен көліктердің аккумуляторларын ұрлағанын мойындады. Айтпақшы, Ж.есімді азамат бұрын да осыған ұқсас қылмыстар жасағаны үшін бірнеше рет сотты болған. Қазіргі уақытта аккумуляторларды сату арнасын орнату және ұсталған азаматтың басқа да заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғын анықтау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, – деді Наурызбай аудандық Полиция басқармасының бастығы Данияр Меңдебаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру