Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ “Qazaqstan Project Management Awards – 2022” Ұлттық байқауының жеңімпазы атанды

2-3 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында “Qazaqstan Project Management Awards – 2022” III ұлттық конкурсының жеңімпаздары анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Байқауды ҚР Президенті Әкімшілігі, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, “Бәйтерек” ұлттық басқарушы холдингі” АҚ, ҚР Ұлттық экономика министрлігі, “Қазақстан Республикасының Жоба менеджерлері одағы” ЗТБ және ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ұйымдастырды.

Конкурстың негізгі мақсаты – өз қызметінде жобалық менеджменттің әдістері мен құралдарын белсенді қолданатын және енгізетін мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарды қолдау.

Байқау қорытындысы бойынша Ішкі істер министрлігі “Жылдың үздік жобасы” және “Жылдың үздік жобалық кеңсесі” номинациялары бойынша бірінші орынды иеленді.

Айта кетейік, үшінші жыл қатарынан өткізіліп отырған байқауға Ішкі істер министрлігі алғаш рет қатысып отыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру