Ақтауда 18 жастағы қыз пәтерден екі телефон ұрлап кеткен
Ақтауда 18 жастағы қыз пәтерден екі телефон ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2 желтоқсан күні сағат таңғы 8:00 шамасында Ақтау қаласындағы пәтерлердің бірінен екі телефон қолды болған. Жәбірленуші полицияға арызданды. Оған келтірілген шығынның жалпы көлемі 920 мың теңгені құрайды.
Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлерімен 18 жастағы азаматша ұсталды.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелді. Тергеу мүддесі үшін өзге мәлімет жария етілмейді.