Маңғыстау облысының тұрғынынан 44 келіден астам бекіре балығы алынды
Маңғыстау облысының тұрғынынан 44 келіден астам бекіре балығы алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел қызмет барысында криминалдық полиция қызметкерлері шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, “Киік” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 2 желтоқсан күні Түпқараған ауданының жергілікті тұрғынының үйінен жалпы салмағы 44 келіден асатын бекіре тұқымдас балықтарды тауып, тәркіледі.
Сонымен қатар бекіре балығынан бөлек 25 келіден астам атауы белгісіз балық пен тоңазытқыш тәркіленді.
Ұсталған 33 жастағы ер адамға қатысты ҚР ҚК-нің 339-бабы (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.