Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шығыс Қазақстан облысында жүк пойызы 8 жылқыны қағып кетті

Шығыс Қазақстан облысында жүк пойызы 8 жылқыны қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

5 желтоқсанда сағат 07:17-де Шығыс Қазақстан облысының “Коршунова-Черемшанка” аралығында жүк пойызының машинисі темір жолда жүрген жылқы табынын байқап, соқтығысуды болдырмауға тырысып, шұғыл тежеуді басқан. Алайда соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады. Салдарынан 8 жылқыны қағып кетті. Жоспарланбаған пойыз тұрағы 19 минутты құрады. Бұл туралы ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов мәлімдеді.

М.Айтуғановтың айтуынша, оқиға орнына Риддер станциясындағы Желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері бірден жетті. Өткізілген тиісті іс-шаралардың нәтижесінде үй жануарларының иесі, ШҚО Глубокое ауданының 33 жастағы тұрғыны анықталды.

– Аталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырып, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Жалпы, жыл басынан бері теміржол тесемінде малдың болуына байланысты пойыздардың шұғыл тежелуінің 1463 фактісі тіркелген. Оның ішінде теміржол бойында мал жайғаны үшін 1169 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді М. Айтуғанов.

Көлік полицейлері шаруа қожалықтарының иелеріне қауіпсіздік шаралары туралы тағы да ескертеді және теміржол маңында жануарларды жаю кезінде мұқият болуларын сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру