Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында түзеу мекемесінен шетел азаматы босатылды

Қызылорда облысында түзеу мекемесінен шетел азаматы босатылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде шетел азаматтары да жазасын өтейді. Мекеме қызметкерлері әр сотталғанның темір торға түскенінен бастап, өмірге қайта тәрбиелеп, оң көзқарасын қалыптастыру, қоғамда өз орнын табуы мен қайта қылмыс жасамау мақсатында және шыққанға дейінгі дұрыс-мінез құлық пен іс-әрекетіне аса жауапкершілікпен қарайды.

Мекемеден шетел азаматы босатылды. Өзбекстан елінің азаматына Шымкент қаласы Абай аудандық сотының үкімімен ҚР Қылмыстық кодексінің 286-бабының 1-бөлігі, 296-бабының 2-бөлігі, 58-бабының 2-бөлігімен бір жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.  Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37мекемеде жазасын өтей жүріп, мекемешілік мәдени, спорттық іс-шараларға белсене қатысты. Сондай-ақ мекеме әкімшілігі бұл сотталғанды жұмысқа да орналастырады.

– Сотталғанның жаза мерзімінің аяқталуына байланысты мекеме қызметкерлері ҚР ІІМ-нің 2016 жылғы 30 қаңтардағы №89 бұйрығына сай, босатылатын шетел азаматын құжаттарымен бірге Қызылорда облыстық Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасына тапсырады. Ол жақта сотталған азаматты өз еліне жіберу жүзеге асырылады. Сондай-ақ шетел азаматын заң талаптарына сай, мекеме әкімшілігі жол қаражатымен қамтамасыз етті, – деді сотталғандар арасында әлеуметтік психологиялық тәрбие жұмысы бойынша бөлімінің босатылатын сотталғандарды тұрмыстық және еңбекке орналастыру жөніндегі аға инспекторы Айнұр Абдрашитова.

– Бүгін мен үшін қуанышты күн. Өйткені өз еліме, отбасыма, балаларыма оралғалы тұрмын. Мекемеде жазамды өтей жүріп, бостандықтың қадірін түсіндім. Мекеме әкімшілігіне, қызметкерлеріне алғысым шексіз, –  деді шетел азаматы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру