Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері 11 ай ішінде тұрғындардан 113 қару тәркіледі

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері 11 ай ішінде тұрғындардан 113 қару тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тіркелмеген қару – қауіптің басы. Көп жағдайда қаруға қатысты қарапайым сақтық шаралары ескерілмейді. Ол оқыс оқиғаға себепкер болуы мүмкін немесе криминалдық мақсатта пайдалану үшін ұрлануы мүмкін. Мысалы, Тимирязев ауданында тұратын тұрғынның сарайынан тегіс ұңғылы аңшылық қару анықталды. Тайынша ауданындағы ауыл тұрғыны қосұңғылды кіре берісте сақтаса, оның жерлесінен тәртіп сақшылары 12 калибрлі 9 оқты гаражынан анықтады. Сондай-ақ аңшылық қару Қызылжар және Шал ақын аудандарының екі тұрғынынан алынды. Барлығына қатысты әкімшілік материал жинақталды.

– Аталған фактілер облыста өткен «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шара барысында анықталды. Бұған дейін «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ аясында бірнеше факті тіркелді. Әкімшілік полиция қызметкерлерінен басқа криминалдық полиция және учаскелік инспекторларда осы бағытта жұмыс істеуде. Солтүстікқазақстандық полицияның сыртқы бөліністерінің қызметкерлері қаруды заңсыз сақтау фактілерін анықтауға бағытталды, – деді СҚО Полиция департаменті азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бөлімінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Құрман Мусин.

Полицейлер заңсыз сақталған қару мен оқ-дәрілер ішкі істер органдарына ерікті түрде тапсырылған жағдайда жауапкершілік қарастырылмайтынын еске салады. Барлығы 11 айдың ішінде облыс полицейлері тіркелмеген қарудың 113 фактісін анықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру