Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада ереже бұзған қоғамдық көлік жүргізушілері мен заңсыз таксилер анықталуда

Астана жолдарындағы апаттылықты азайту, сондай-ақ қоғамдық көлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуының алдын алу мақсатында “Автобус” жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара басталғаннан бері автобус жүргізушілері жасаған 191 құқық бұзушылық және жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың 41 фактісі анықталды. Оның ішінде маневр жасау ережелерін бұзудың 33 фактісі бар, 18 жүргізуші автобусты басқару кезінде телефонды пайдаланған, 13-і техникалық тексеруден өтпегендер.

Бұзушылықтар үшін автобус парктерінің үш лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Коммуналдық тұраққа төрт көлік құралы қойылды.

Мәселен, полиция қызметкерлері Тұран даңғылымен жүріп келе жатып, бағдаршамның тыйым салынған сигналына өтіп кеткен 31 жастағы маршруттық автобустың жүргізушісін анықтады. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Тағы бір жағдайда 61 жастағы автобус жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ол көлікті басқару кезінде ұялы телефонды пайдаланған. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ жедел алдын алу іс-шарасы барысында заңсыз такси жүргізушілері анықталды. Күндізгі уақытта Байтұрсынов көшесінде Chevrolet Cobalt автокөлігі тоқтатылды, оның жүргізушісі “такси” қызметін тиісті құжаттарсыз жүзеге асырған. Өзбекстан Республикасының азаматы тиісті рұқсат беретін құжаттарсыз “Яндекс” мобильдік қосымшасы арқылы жолаушыларды тасымалдаған. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру