“Жиһаз жасаушы” Маңғыстау тұрғындарын 3,8 млн теңгеге алдап кеткен
“Жиһаз жасаушы” Маңғыстау тұрғындарын 3,8 млн теңгеге алдап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алаяқ қала тұрғындарын жиһаз жасап беремін деп алдап кеткен. Тоғыз жәбірленуші полицияға арызданды. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 3,8 млн теңгені құрады. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлерімен 26 жастағы жергілікті тұрғынның жеке басы анықталып, ұсталды.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді. Өзге мағлұматтар тергеу мүддесінде жария етілмейді.
Маңғыстау облысының Полиция департаменті облыс тұрғындарын алаяқтық әрекеттерден сақ болуға шақырады.