Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Арыс полицейлері алаяқтық қылмысының 10 жайтына қатысы бар күдіктіні анықтады

Арыс полицейлері алаяқтық қылмысының 10 жайтына қатысы бар күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Арыс аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оған таныс әйел кәсіпкерлік үшін мемлекет тарапынан қайтарымсыз ақша алып беремін деп жеке басын анықтайтын құжаттарын сұратқан. Содан арада бір ай уақыт өткенде белгісіз біреудің өзінің атынан онлайн несие алғанын біледі. Содан жергілікті тұрғын өзінен құжаттарын сұраған бойжеткеннен күдіктеніп, тез арада арыстық тәртіп сақшыларынан мән-жайды анықтауға көмек берулерін сұраған.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді.

Күдіктіні анықтау үшін тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылды. Нәтижесінде қайтарымсыз несие шығарып беремін деген бойжеткен тұрғылықты мекенжайынан анықталды. Ол жұмыссыз, бұрын сотты болған Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты.

Белгілі болғандай, бойжеткен оңай жолмен ақша табу мақсатында мемлекеттен қайтарымсыз несие әперемін деп бірнеше тұрғынды алдап үлгерген. Сезіктінің жалпы 10 жайт алаяқтық қылмысына қатысы бары анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 600 мың теңгеге жуық. Ол қаражатты өзінің қажеттілігі үшін жұмсап жіберген. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру