Астанада қалта ұрысы мешітте қымбат телефонды үптеп кетті
Астанада қалта ұрысы мешітте қымбат телефонды үптеп кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Астана қаласы криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде телефон ұрлаған Түркістан облысының тумасын анықтады.
Тергеу барысында оның мешітке қараусыз қалған заттарды іздеп келгені анықталды.
Ол жуынатын бөлмеге кіріп, ілгіште ілулі тұрған күртешені көреді. Киім иесінің дәрет алып жатқанын пайдаланып, күртеше қалтасынан құны 400 мың теңгеден асатын қымбат телефонды ұрлаған.
Ер адамға қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.