Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада заңсыз есірткі сақтаған тұрғын ұсталды

Қызылордада заңсыз есірткі сақтаған тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қаласы ПБ Ақсай полиция бөлімінің патрульдік полиция батальонының қызметкерлері “Қару” іс-шарасы барысында түнгі уақытта  қала аумағында Volkswagen автокөлігін тоқтатқан. 

Полиция қызметкерлері 47 жастағы жүргізушінің тексеру барысында одан 9 газет қиындысына оралған жасыл түсті затты анықтады. Сараптама қорытындысымен алынған зат кептірілген марихуана есірткі заты екені белгілі болды. 

Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру