Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астана полицейлері заңсыз айналымнан тыйым салынған заттарды алды

Астана полицейлері заңсыз айналымнан тыйым салынған заттарды алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елорда аумағында “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы өтті. Мақсаты – көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және жолын кесу.

“Құқықтық тәртіп” ЖААІШ өткізу барысында елордалық ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері сағат 21:19-да Рахимов көшесінде 24 жастағы елорда тұрғынын анықтады. Жеке тінту кезінде күртешесінің сол жақ қалтасынан салмағы 1,94 грамм ақ түсті зат тәркіленді.

Зерттеу актісіне сәйкес, тәркіленген есірткі заты мефедрон екендігі анықталды.

Сондай-ақ ҰҚҚКБ полицейлері Ақмола облысының Бозтал ауылында 43 жастағы ер адамды анықтады. Оның тұрғылықты жерін тінту барысында 12 калибрлі ТОЗ-34ЕР аңшылық мылтығы, осы калибрдің 76 патроны және 9 мм калибрлі патрондармен ату мүмкіндігі бар Стример 1014 травматикалық тапанша табылды.

Кейінірек қару тәркілеудің тағы бір фактісі болды. Бұл жолы Тілендиев – Бекетай көшелерінің қиылысында Renault автокөлігі тоқтатылды.

Автокөліктің салонын тексеру барысында 42 жастағы жолаушыдан оқпанды қысқарту (кесу) жолымен өз қолымен жасалған, тегіс ұңғылы атыс қаруы тәркіленді.

– Барлық фактілер бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – дейді ҰҚҚКБ бастығы Арғын Алтынбеков.

Астана қаласының Полиция департаменті қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүргені үшін, мүлкі тәркіленіп және 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру