Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада жас жігіт жалға алынған заттарды ломбардқа өткізіп жіберген

Астанада жас жігіт жалға алынған заттарды ломбардқа өткізіп жіберген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға елорда тұрғыны жүгініп, 23 жастағы жігіт жалға алу сылтауымен Сannon Мark 3 камерасын алаяқтық жолмен иемденгені туралы арызданған. Тергеу барысында жас жігіттің адамдардан электронды техниканы жалға алып, кейіннен оларды ломбардқа өткізгені анықталды. Бұл «бизнес» оған жақсы табыс әкелген. Ол тауарларды сатқаннан кейін ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Ал жалға алынған заттардың нағыз иелерімен мүлдем байланысқа шықпаған.

Қылмыстық мақсатта ол тауарларды сатудың танымал интернет-алаңын пайдаланған. Полицейлер жігіттің елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр. Қазіргі уақытта оның алаяқтықтың 6 эпизодына қатысы бар екені анықталды. Келтірілген шығын сомасы шамамен 4 миллион теңгені құрайды.

Аталған фактілерге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру