Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе полицейлері мал ұрыларын ұстады

Ақтөбе полицейлері мал ұрыларын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 желтоқсанда Жедел басқару орталығының «102» телефонына қала маңындағы Ақжар-1 ауылында төрт сиыр ұрланғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы үш белгісіз адамның жергілікті тұрғынның қорасына кіріп, сиырларды ұрлап кеткенін анықтады. Жол бойында оларды ұрланған сиырлардың иесін кездестірген. Сол сәтте күдіктілер қашып кеткен. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында «ізін суытпай» үш адамды анықтап, ұстады.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 3-бөлігі (Мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру