Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада әйел «жаңа» танысының телефонын ұрлап кеткен

Астанада әйел «жаңа» танысының телефонын ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға елорда тұрғынынан күртешесінің қалтасында жатқан Samsung A53 телефонын ұрлап әкеткені туралы хабарлама келіп түсті. Жәбірленуші Қордай көшесіндегі кафеде болған кезде 40 жастағы астаналық әйелмен танысқаны анықталды. «Жеке әңгімелесуді» олар басқа жерде жалғастыруға шешім қабылдаған. Такси салонына отырғанда, әйел қасында отырған кавалерінің мас болғанын байқап, жағдайды пайдаланып, оның қалтасынан 260 мың теңге тұратын телефонын жасырын ұрлап алған. Мекенжайға келгеннен кейін Алматы көшесіндегі үйдің ауласында ер адам такси жүргізушісімен есептесіп жатқанда әйел қашып кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Есіл ауданының жедел уәкілдері әйелді анықтады. Ол телефонды ломбардқа 43 мың теңгеге өткізіп үлгергенін мойындаған.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру