Алматының жеке секторында ұрлық жасап жүрген күдікті анықталды
Алматының жеке секторында ұрлық жасап жүрген күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
38 жастағы облыс тұрғыны Алматы тұрғындарының үйіне таңғы сағат 04:00-05:00 аралығында кіріп жүрген.Үй иелерінің ұйықтап жатқанын пайдаланып, ер адам олардың үйінде «иелік» етіп жүрген.
– «Шақырылмаған қонақ» қоршаудан секіріп өтіп, аулаға кіріп кеткен. Оның үстіне ол төрт аяқты күзетшісі жоқ үйлерді таңдады: иттері бар үйлерді айналып өтіп жүргендігі белгілі болды. Түнгі уақытта кейбір адамдардың үйінің есіктері жабылмайды екен. Бұл фактор қаскөй үшін жақсы болды. Бөтен біреудің үйінен ол телефон, ақша, зергерлік бұйымдарды іздеген. Жеңіл жолмен ақша табуды ұнататын адамды біздің бөлімшенің криминалдық полиция қызметкерлері ұстады. Қазіргі уақытта оның қатысуымен 4 қылмыстық эпизод анықталды. Пәтерден тонау деректері бұдан да көп болуы мүмкін екеніне сенімдімін – бұл нұсқа қазір мұқият тексеріліп жатыр, – деді Наурызбай аудандық Полиция басқармасының бастығы Данияр Меңдебаев.
Сонымен қатар спикер Б.есімді азаматтың бөтеннің мүлкіне құмарлығы үшін бұрын бірнеше рет сотты болғандығын айтты.