Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте 33 адам сертификатталмаған пиротехникалық өнімді сатқан

Шымкентте “Пиротехника” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында рейдтік жұмыстар жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Республика аумағында 25 желтоқсан мен 2023 жылдың 3 қаңтары аралығында Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету әрі заңсыз айналымдағы сертификатталмаған пиротехникалық заттарды тәркілеуге бағытталған “Пиротехника” жедел-профилактикалық іс-шарасы қарқынды жүріп жатыр.

Аталған іс-шара аясында Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері бірлесе отырып рейдтік жұмыстар өткізуде. Профилактикалық шара басталғалы тәртіп сақшылары пиротехниканы сақтау, тасымалдау мен пайдалану тәртібін бұзған және сертификатталмаған пиротехникалық өнімді сатқан 33 тұлғаны анықтады.

Оларға қатысты ӘҚБтК-нің 196-бабымен (Тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау) хаттамалар толтырылды. Сондай-ақ сертификатталмаған 346 пиротехникалық бұйым тәркіленген.

Полиция департаменті пиротехникалық бұйымдарды тиісті лицензиясы мен рұқсаты жоқ тұлғалардың ашық павильондарда, автомобильдерде, шатырларда, өтпелерде сатуына қатаң тыйым салынғаны туралы ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру