Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері Жаңа жыл қарсаңында балаларды қуантты

СҚО полицейлері Жаңа жыл қарсаңында балаларды қуантты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мерекелік іс-шаралар қатарында қайырымдылыққа да ерекше көңіл бөлінеді. СҚО Полиция департаментінің аппараты мен аудандық полиция бөлімдері Жаңа жыл қарсаңында көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетті.


Мысалы, Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері екі отбасына барып қайтты. Біреуінде төрт бала, екінші отбасында бес бала тәрбиеленуде. Аяз Ата мен Ақшақар болып киінген екі полиция қызметкері балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Қажетті азық-түлік пен тәттілер салынған пакеттен бөлек киноға билет, дәмханаға сертификат және басқа да мерекелік сыйлықтар тарту етілді.


Осындай іс-шаралар аудандық полиция бөлімдерінде де өткізілді. Аққайың аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Полудино балалар үйіне барып қайтты. Мұнда 54 бала тәрбиеленуде. Полиция бөлімінің бастығы Руслан Сапаров және аудандық ішкі істер органы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қанат Әленов балаларға тәттілер сыйлап, педагогтарды Жаңа жылмен құттықтады. Меймандар тәрбиеленушілердің дайындаған концертінің көрермені болды.

– Қайырымдылық жасау – ішкі істер органдарының игі дәстүрлерінің бірі. Полиция жұмысының әлеуметтік маңызы халыққа жақын болып, қолдау көрсету, оларды барынша қорғау және тыныштықты қамтамасыз ету, – деді Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру