Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында тәртіпке бағынбаған жүргізушілер жауапқа тартылады

Қарағанды облысында тәртіпке бағынбаған жүргізушілер жауапқа тартылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3-4 қаңтар күндері ауа райының күрт өзгеріп, ақтүтек боран болуына байланысты республикалық маңызы бар және облыс аралығындағы тас жолдар жабылды.

– Біздің қызметкерлердің бірнеше рет ескерту жасауларына қарамастан кейбір жүргізушілер жолға шығып кеткен жағдайлар да кездесті. Атап айтқанда, үш жүргізуші полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, боранға қарамастан жолға шығып кеткен. Олардың жеке бастары анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабына сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Аталған бап бойынша құқық бұзушыға 13 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл немесе 15 тәулік әкімшілік қамауға алу жазасы көзделген, – деп хабарлады Қарағанды облыстық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Талғат Оспанов.

Қазіргі уақытта Қарағанды облысының аумағындағы барлық тас жолдарда 200-ге жуық көлік тұр. Оларды жақын маңдағы елді-мекендерге жеткізу үшін патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жұмыс атқарып жатыр. Айта кету керек, 3-4 қаңтар аралығында қала орталығында жүргізушілердің жылдамдықты арттыруы және жол жүру ережелерін сақтамау салдарынан 27 ұсақ жол-көлік оқиғасы тіркелді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру