Шымкентте жол үстінде қарсы бағытқа шыққан 9 жүргізуші анықталды
Шымкентте жол үстінде қарсы бағытқа шыққан 9 жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жергілікті полиция қызметі басқармасына қарасты Патрульдік полиция полкінің инспекторлары жол-көлік оқиғаларының алдын алу мен жолда жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында күнделікті қызмет атқарады. Қала аумағында бес тәулік ішінде 9 жүргізуші қарсы бағытқа шығып, жол ережесін бұзғандары анықталды.
Осы ретте тәртіп сақшылары құқық бұзушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 596-бабы 3-бөлігі (Егер бұл жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына, оның ішінде кері бұрылып немесе бұрылыс жасап шығу) бойынша әкімшілік хаттама толтырды.
Сондай-ақ тәртіп сақшылары қарама-қарсы бағытқа шығу секілді жол қозғалысы ережелерін бұзу көлік құралын басқару құқығынан 6 айға айырып, әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын еске салады.