Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астана полицейлері есірткі сатқан әйелді ұстады

Астана полицейлері есірткі сатқан әйелді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері мефедрон синтетикалық есірткісін сатқан елорданың 29 жастағы тұрғынын ұстады. Есірткі сатушы өзінің «өнімін» құпия орындарға тығып қою арқылы сатқаны анықталды. Ол адамдар көп жиналатын жерлерде және гүлзарларда есірткі заттарын жасырып қалдырған. Бұл ретте қыз аталмыш «жұмысына» өзінің жеке Lexus RX 300 көлігімен шығып, барлық қала бойынша жүрген.

Жеке тінту барысында қыздан есірткі заты салынған 14 түйіншек табылып, тәркіленді. Сонымен қатар автокөлікті тінту барысында сатуға дайындалған тағы 80 түйіншек тәркіленді. Тергеу іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері есірткі жасырынған құпия орындарды анықтады.

Қыз «синтетиканы» Telegram арнасы арқылы алғаны, содан кейін оралған тауарды қала бойынша тасымалдағаны және ақшаны мобильді аударым арқылы алғаны анықталды. Алынған «мефедрон» синтетикалық есірткінің жалпы салмағы шамамен 92 грамм немесе 370 бір реттік дозаны құрайды. Бұл өте үлкен мөлшерге жатады. Алынған есірткінің бағасы қара нарықта шамамен 2 млн теңгені құраған болар еді.

Астаналық әйелге қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған азаматша Астана қаласының ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру