Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында былтыр мал жаю ережелерін бұзған 3534 адам жауапқа тартылды

Павлодар облысында былтыр мал жаю ережелерін бұзған 3534 адам жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысында бақылаусыз жайылып жүрген мал орналастырылатын 146 айыппұл тұрағы жұмыс істейді.

– Өткен жылы 3534 мал иесі үй жануарларын жаю ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылды. 2023 жылғы 11 қаңтарда Железин ауданы Петропавловка ауылының автожолы ауданында рейдтік іс-шаралар барысында Железин ауданы ПБ учаскелік полиция инспекторы Бурумбаев Қанат қараусыз жайылып жүрген 29 бас жылқыны байқады. Бұл жылқылар малға арналған айыппұл тұрағына қамалды. Жылқы иесі анықталды. Ауыл тұрғыны ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша жауапқа тартылды, – деді Железин ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Серан Серікбаев.

Полиция барлық мал иелеріне жайылым ережелерін қатаң сақтау туралы ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру