Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының полицейлері заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді тапты

Абай облысының полицейлері заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мұрагерлікке мылтық алған Ақсуат ауданының тұрғыны 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 2022 жылдың 14 желтоқсанында «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ өткізу барысында Абай облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері, ҚР ІІМ ҰҰ «Бүркіт» және Ақсуат АПБ қызметкерлерімен бірлесіп, 50 жастағы әйелдің үйінде кідіріссіз тінту жүргізу барысында шкафтан тапанша және 94 дана оқ-дәрі тауып, тәркіледі.

Маманның қорытындысына сәйкес, тәркіленген тапанша Ижевск механикалық зауытында шығарылған 5,6 мм калибрлі Марголена конструкциясының спорттық-нысаналы өздігінен оқталатын тапаншасы екені анықталды. Оқпаны сақиналы тұтанумен, қолдан жасау арқылы қысқартылған, атуға жарамды. Тәркіленген 94 патрон тиісті калибрлі қарудың көрсетілген және басқа түріне арналған оқ-дәріге болып саналады. Зауыттық тәсілмен дайындалған және атуға жарамды. Жауап алу барысында әйел мылтық пен оқ-дәрілер 2019 жылы қайтыс болған марқұм күйеуінен қалғанын түсіндірді.

ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полицейлер заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды өз еркімен тапсырған азаматтардың, егер оның әрекеттерінде өзге қылмыс құрамы болмаса, жауапкершіліктен босатылатынын еске салады. Тіркелмеген қарудың иелері «102» жедел арнасына жүгіне алады. Полицейлер өздері келіп, қаруды қабылдап алады. Қаруды өз еркімен өткізген азамат заң жүзіндегі жауапкершіліктен құтылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру