Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысының полицейлері жолда қалған жүргізушіге көмек көрсетті

Қостанай облысының полицейлері жолда қалған жүргізушіге көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанай облысы ПД патрульдік полициясының қызметкерлері күшейтілген кестеде қызмет атқарып жатыр. Демалыс күндері полиция жолда қалып қойған 10-нан астам жүргізушіге көмек көрсетті.

Қостанай – Сарыкөл М-6 тас жолында полиция қызметкерлері – Ермек Жуанышев пен Баян Жүсіпов құрамындағы автопатруль демалыс күні сағат 21:00 шамасында жол бойымен келе жатқан адамды көрген.

https://youtube.com/shorts/O6SNLfqkUgM?feature=share

Полиция қызметкерлері тоқтап, жаяу адамнан мән-жайды сұрап, көлігінің далада қарда қалып қойғанын анықтаған.

Патрульдік полиция қызметкерлері көлік тұрып қалған жерге келіп, жағдайды бағалап, Тобыл қаласынан арнайы техниканы шақыртқан. Себебі ауыр техниканың көмегінсіз көлікті шығару мүмкін болмады.

Далада тұрып қалғандар қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Көмек көрсетілген жүргізуші тәртіп сақшыларына өз алғысын білдірді.

– Қыс мезгілінде республикалық және жергілікті маңызы бар трассаларда күшейтілген кестеде патрульдеу көмек көрсетуге дайын, – деді Ермек Жуанышбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру