Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Әділет министрлігі өкілдерімен кездесті

ІІМ Тергеу департаментінің басшысы С. Әділов Әділет министрлігі мен БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің өкілдерімен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 қаңтарда Санжар Әділов Әділет министрлігі, Сот сараптамасы орталығының директоры Жамбыл Бекжановпен, Әділет министрі Сараптама қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры Жандос Сматовпен, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті төрағасының орынбасары Ерәділ Ахметовпен, ҚСжАЕАК цифрлық даму бөлімінің бастығы Қанат Дүйсебаевпен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы мен сот-сараптама мекемелерінің «Е-сараптама» модулінде сот сараптамаларын тағайындау бойынша өзара іс-қимыл жасасуының аралық нәтижелері және осы бағытта жұмысты одан әрі жетілдіру туралы жұмыс кездесуін өткізді.

Анықтама ретінде:

«Е-сараптама» сервисі сот сараптамасы органдарының мүдделі мемлекеттік органдармен деректермен алмасу бойынша ақпараттық өзара іс-қимыл жасасуын қамтамасыз етеді.

«E-saraptama» сервисінің негізгі мақсаты – бұл:

– іс бойынша сараптаманы электрондық түрде тағайындау және материалдар мен сот сараптамасын тағайындау туралы ұйғарымды, қаулыларды ілеспе хатпен бірге электрондық түрде сараптамаға жолдау;

– тіркеу, қарау және сот сарапшысын тағайындау туралы кезеңдерді  «Төрелік» ААТЖ-да мониторингілеу;

– өтінішхаттарды/сот сараптамасының нәтижелерін электрондық түрде қабылдау.

ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары мен сот-сараптама мекемелерінің қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашуда және тергеуде өзара іс-қимыл жасасуының маңыздылығын атап өтті, өйткені қылмыстық оқиғаның мән-жайларын анықтау үшін айтарлықтай әрбір қылмыстық іс бойынша сот сараптамалары тағайындалады.

Спикерлер «E-saraptama» жүйесінде сараптамаларды тағайындаудың сараптаманы өткізудің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға, сот сараптамасын өткізу бойынша процестік мерзімдерді қысқартуға, сот-медицина сарапшыларының регламенттік мерзімдерді сақтауына және «Сараптамаларды өткізудің жағдайы туралы» есептердің құрастырылуына бақылауды күшейтуге мүмкіндік бергенін атап өтті. Сондай-ақ шешілуге жататын кейбір мәселелер қозғалды.

Көрсетілген мәселелерді жою мақсатында Тергеу департаменті сот-сараптама мекемелерінің өкілдерімен бірқатар іс-шараны өткізуді жоспарлап жатыр.

Кездесудің қатысушылары іс-шараның ұйымдастырылуы үшін алғысын және жұмыстың осындай тиімді форматта одан әрі жалғасатынына сенімін білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру