Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте ер адам жаңа танысының телефонын қолдануға алып, қайтармай қойған

Шымкентте ер адам жаңа танысының телефонын қолдануға алып, қайтармай қойған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Абай АПБ-ның кезекші бөліміне Алматы қаласының 42 жастағы тұрғыны арызданған. Оның айтуынша, пәтерді бірге жалдаған, яғни танысқанына небәрі бір апта болған жігіт ұялы телефонды қолдануға уақытша сұрап алып, оқиға орнынан бой тасалаған. Келтірілген шығын көлемі – 80 мың теңге.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 1-тармағымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Тәртіп сақшылары жүргізілген жедел-іздестіру іс-шарасы барысында күдіктіні бір тәулік ішінде қала аумағынан қолға түсірді. Ол Сарыағаш қаласының 32 жастағы тұрғыны болып шықты. Күдікті уақытша жұмыссыз, бұрын-соңды сотты болмаған.

Қазіргі кезде ұсталған азамат өз кінәсін толықтай мойындап отыр. Айғақты зат тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Полиция қызметкерлері күдіктінің басқа да осы тектес жайттарға қатыстылығын анықтап, тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру